Алматыда карантин кезінде жүріп-тұруға рұқсат беретін жаңа портал іске қосылды

Сайт полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді

Фото: Shutterstock.com

Алматыда 14 сәуірден бастап карантин кезінде көлікпен қатынау рұқсаты берілген қала тұрғындары мен автокөлік тізімін жасау үшін infoalmaty.kz жаңа порталы іске қосылады. Бұл туралы бүгін арнайы брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлады.


Аталған портал тек шаһар тұрғындарына рұқсат беруді ғана емес, сонымен қатар қаланың полиция қызметкерлерінің де жұмысын жеңілдетеді.


С. Тұяқбаевтың айтуынша, порталды құру кәсіпорындарды кезең-кезеңімен іске қосу қажеттілігінен және соған байланысты коронавирусты одан ары таратпау үшін қаладағы көлік қозғалысы кезінде қатаң бақылауды қамтамасыз ету үшін туындаған.

Осыған дейін қалалық штабтың шешімімен карантин кезінде Алматыда өз қызметтерін жүзеге асыруға болатын экономика секторлары анықталған болатын. Бұл – қаланың тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге қажетті салалар, олардың ішінде сауда (азық-түлік дүкендері және дәріханалар), денсаулық сақтау, көлік және логистика, коммуналдық қызметтер, мемлекеттік басқару және құқық қорғау органдары, ішінара азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс, ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) (20-30%), коммуникация және байланыс салалары бар.

«Алайда, осы тізімді зерттеу барысында біз кейбір кәсіпкерлердің бұл мүмкіндікті теріс мақсатта пайдаланып, рұқсат берілген тұлғалардың тізіміне өздерінің қызметтеріне еш қатысы жоқ азаматтарды тіркеп қойғанын анықтадық», - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, жұмыс істеуіне рұқсат етілмеген салалар бойынша өтініштерді сайт қабылдамайды екен.

«Бұл порталды жасау кезінде басты міндетіміз қала көшелерінде адам санын барынша азайту болатын», — деді Сапарбек Тұяқбаев. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif