Алматыда COVID-19 тестінен өтуге болатын орындар ашылады

 Қалада тест тапсыратын 8 пункт жұмысқа кіріседі

Фото: Shutterstock

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова хабарлады. Бұл туралы Алматы Әкімдігінің телеграм каналы мәлімдеді.

Коронавирустық инфекцияның кеңінен таралып кетпеуі үшін бүкіл әлемде қолданылатын екі тиімді әдіс бар. Біріншісі – әрбір азамат өз-өзін оқшаулау керек, екіншісі – тестілеуден өту. Үкімет CОVID-19 вирусын анықтайтын тесті сатып алуға қаржы бөлді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі енгізген ережеге сәйкес, COVID-19 тестілеуінен өтуге КВИ жұқтырған болуы мүмкін деген адамдар; науқастанғандармен байланыста болғандар; қатерлі індет кең таралған мемлекеттерден келген адамдар және медицина қызметкерлері жатады.

 «Қазір «Олимп» медициналық зертханасы санитарлық ережелерге сәйкес 5 пункт дайындады. Қайырымдылық қорларының бірі Денсаулық сақтау басқармасына қосымша жедел-тест сатып әперді. Бүгінгі таңда басқармада 8 пункт нақтыланды, олар жақын арада жұмысқа кіріседі», – деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Жедел-тестілеу жұмысы Ақпараттық қызметпен реттеліп отырады. Жедел жәрдем қызметкерлері, стационарда жатпаған бірақ ЖРВИ-мен ауырғандар, созылмалы аурулары бар жандар, құқық қорғау органдарының, Ұлттық гвардия өкілдері, еріктілер, әкімдік және коммуналдық қызметтердің өкілдері де жедел-тесттен өтуіне болады.

Айта кетейік, брифинг кезінде жедел-тестілеуден өту қала бойынша тегін екендігі айтылды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif