Алматыда азық-түлік тауарларының нақты бағасы бекітілді

Бірінші сортты бидай ұнының бір келісі 211 теңгеден аспауы керек

Фото:kursiv.kz

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді,-деп хабарлайды Алматы әкімдігінің телеграм каналы.

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифингте мәлімдеді.

Қазіргі уақытта, 64 түрлі азық-түлік өнімі бар. Оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне нақты бағалар қойылды.
Бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, кеспе (өлшеніп салынатын) – 209 тг/кг, қарақұмық жармасы – 339 тг/кг, күріш – 310 тг/кг, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 2169 тг/кг, тауық жұмыртқасы (I санатты) – 367 тг/10 данасы, күнбағыс майы – 434 тг/литр және ас тұзына – 59 теңге деп баға қойылды. 

 «Айта кету керек, Оны ҚР Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері еліміздегі төтенше жағдай кезінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қою арқылы жүзеге асырып отыр», — деді Е.Оразалин.

 «Алматы қаласында барлық 9 атау бойынша ірі базардан бастап үйдің жанындағы дүкендерге дейін сатушыларға жоғарыда көрсетілген тарифтерден бағаны асыруға рұқсат берілмейді. Себебі, қаламыздағы барлық дүкендерде азық-түлік жеткілікті мөлшерде. Сондықтан, бізде тамақ өніміне деген тапшылық жоқ», — деді Еркебұлан Оразалин. 

Еркебұлан Оразалин, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағалары карантин кезінде енгізілгенін атап өтті.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif