Алматы облысында қылмыс саны азайды

Жарияланды
Ол  30 пайызға төмендеді

Алматы облысында қылмыс саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы облысы аумағында орын алған қылмыстар саны былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға төмендеді.

Оның ішінде аса ауыр қылмыстар саны 32 пайызға азайды. Қылмыстың барлық түрі бойынша көрсеткіш азайған. Тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстарды болдырмау бойынша тиісті жұмыстар атқарып жатыр. 

 «Полицейлер қоғамдық орындарда ішімдік ішудің немесе мас  күйінде қоғамдық орындарға келудің 2668 дерегін анықтады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай алдын алу шараларының арқасында мас күйде жасалатын қылмыстар саны былтырғы көрсеткіштен 18,6 пайызға азайды»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Сонымен қатар, облыстағы учаскелік полиция инспекторларының көмегімен 53 тұлға алкогольдік тәуелділіктен емдеу орталықтарына жіберілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз