Алматы әкімдігі бейіт басына бармауға кеңес берді

28 сәуір «Ата-аналар күні» 

Фото:Shutterstock

Алматының Жедел штабы «Ата-ана күнінде» бейіт басына бармауға шақырды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

28 сәуір «Ата-аналар күні» қарсаңында Алматы қаласы әкімдігінің жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша құрылған Жедел штаб коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға адамдар көп жиналатын жерлерге, соның ішінде, шіркеулер мен бейіттерге бармауға кеңес береді. 

Ағымдағы жылы каранитин режимінің жариялануына байланысты зиратқа тек жерлеу рәсімдерін жүргізу үшін баруға рұқсат етілген. 

Қаладағы зиратқа адамдардың топтасып жиналуын болдырмау үшін Полиция департаменті кезекшілік ұйымдастырмақ. 

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Астана және Қазақстан митрополиті Александр ғибадатханалардағы (храмдарда) Құдайға құлшылық ету салттары жабық режимде өтетінін хабарлаған болатын. Марқұмдардың есімдері жазылған хаттарды заманауи коммуникация құралдары арқылы, яғни электронды пошта немесе мессенджерлерді пайдалана отырып ғибадатханаларға (храмдарға) жолдауға болады. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif