1 view

42 500 теңге әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

SMS арқылы

Фото: Shutterstock

42 500 теңге әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлайды. 


Ол үшін пайдаланушы: 


1. eGov порталының алғашқы бетіндегі Сервистер бөлімінен "ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу" қызметін таңдаңыз. 


2. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, "Бір реттік құпия сөзді" таңдаңыз. 


3. SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізгеннен кейін, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз. 


4. "Өтініміңіздің өңделу үстінде" екені туралы  ақпарат көрсетіледі. 


5. Нәтижені порталдағы Жеке кабинетіңізден көре аласыз. 


Егер жүйе сіздің мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол бетте көрсетілген сілтеме арқылы тіркелу керек.

Тіркелу не үшін қажет?


Сізге тиесілі әлеуметтік төлемге өзге бiреу ие болмауы үшін Жүйеге телефон нөміріңізді көрсету арқылы өзіңіз екеніңізді растайсыз.


Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланыстырады, ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді.


Осыдан кейін, сіз бір реттік құпия сөз арқылы өзіңіз екеніңізді растап, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай аласыз. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер