30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады

Министр Елжан Біртанов мәлімдеді

Фото: kursiv.kz

Еліміз бойынша 30 мыңнан астам дәрігер үстемеақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, ол 4 сәуірде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау мәселелері бойынша бұйрыққа қол қойған.

Бұйрықта барлық тәуекел тобы, төлем мөлшері мен тізімді қалыптастыру тәртібі айқындалған.

Оның айтуынша, еліміздің өңірлерінде де тиісті комиссия жасақталып, медицина қызметкерлерінің аты-жөндері бойынша тізім алынған.

«Медицина ұйымдарының басшылары 1-2 тәуекел тобындағыларға қаражат аударуды бастайды. Ал апта соңына дейін барлық қалған медицина қызметкерлеріне аударылады. Осылайша 30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады», - деді министр.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif