“Үйлеріңізде болыңыздар, біздің қателіктерімізді қайталамаңыздар”

Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар өкініш білдірді 

Фото: sutterstock

“Үйлеріңізде болыңыздар, біздің қателіктерімізді қайталамаңыздар”: төтенше жағдай тәртібін бұзған Алматы облысының тұрғындары өкініштерін білдірді, – деп хабарлайды Polisia.

Тәртіп сақшыларының ақпарат бойынша, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынған 27 азамат уақытша ұстау изоляторында жазасын өтеп жатыр. 

Әкімшілік қамаққа алынған тұлғалар төтенше жағдай тәртібін сақтамағаны үшін бірауыздан өкінетіндерін жеткізді. 

 "Мен Ащыбұлақ ауылынанмын. Түнде жасырын түрде Алматы қаласына өтіп кеткім келді. Полиция қызметкерлері ұстап алып, сот 10 күнге қамау туралы шешім шығарды. Менің қателігімді қайталамауларыңызды сұраймын. Карантин уақытында үйлеріңізде отырыңыздар”,- деді әкімшілік қамауға алынғандардың бірі.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif