Үкімет қазақстандықтарға той жасамауға кеңес берді

Кейінге қалдыруды сұрап отыр

Фото: Shutterstock

“Той десе қу бас домалайды” демекші, коронавирус пандемиясы  қазақты да тойдан шектейін деп жатыр.  


Вице-министр Ералы Тоғжанов бүгінгі мәлімдемесінде халықтан той-томалақ, мерекелік думандардың барлығын кейінге қалдыруды сұрады. Бұл туралы Интерфакс-Қазахстан агенттігі жазды.

 
“Әр адам дұрыс түсінуі керек. Бүгінде халықтың денсаулығына қауіп төніп тұрған кезде,  той, мерекелік думандарды шектеп, кейінге шегере тұру абзал болады”, -деді Тоғжанов Нұр-Сұлтан  қаласында өткен баспасөз-конференциясында. 


“Біздің елде қонақ шақырғанда алдымызға жан салмаймыз. Адам көп шақырылатын мерекелік шараларды жағдай оңалғанша басқа уақытқа ауыстыруларыңызды сұраймыз”-деп қадап айтты
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif