Трамп Италияға 100 миллион доллар көмек көрсетпек

Оның айтуынша, АҚШ қажет емес заттар

Фото: Shutterstock.com

Америка Құрама Штаттары коронавируспен күрес аясында Италияға 100 миллион долларға бағаланатын медициналық заттарды жіберуге ниетті,- деп хабарлайды Интерфакс.


«Біз өз елімізге қажет емес заттарды жібереміз. Мен қазір ғана Италияның премьер-министрімен сөйлестім. Италия еліне 100 миллион долларға бағаланатын хирургиялық, медициналық, санитарлық заттарды жібереміз», - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.


Сонымен қатар, Трамп АҚШ желдеткіш механикалық құрылғыларының өндірісін көбейтіп жатқанын, егер артық  болса, АҚШ оларды басқа елдерге жібере алатындығын айтты.


«Егер бізден артса оларды (құрылғыларды) Италия, Франция, Испания және өзге елдерге жібереміз»,- деді президент.


Италияда COVID-19 жұқтырғандар саны 101 739-ға жетті, бұл көрсеткіш әлі де өсуде. Ал 11 591 адам қайтыс болды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif