Тоқаев әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Оның орындалуына жауапты адамдарды тағайындады

Фото: Kursiv.kz

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметінің сайты Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған төтенше жағдай туралы жаңа жарлық жариялады. 

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы  Президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286  Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша:

1) салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілесін, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау және салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің жекелеген санаттарын;

3) мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін;

4) мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, шекті тарифтерді және Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібін айқындау құқығы берілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif