Тоқаев елдегі қаржы нарығын тұрақтандыруды тапсырды

Ол жедел жиналыс өткізді

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшылығымен жедел кеңес өткізді. Онда жаһандық қаржы-экономикалық жағдайдың еліміздің экономикасына әсері қандай болатыны талқыланды. Бұл жайында президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. 


Елбасы Үкімет пен Ұлттық банкке және өзге де мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы бюджет шығындарын азайтуды, аймақтарда жұмыспен қамтуды реттеуді және елдегі валюталық-қаржылық нарықты тұрақтандыру мен республикалық және жергілікті бюджеттерді оңтайландыру шараларын қабылдау қажеттігін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-Министрдің тікелей басшылығымен жедел әрекет ету штабы құрылды. Штаб дағдарыстың алдын-алу және жұмыспен қамтуды қолдауға арналған арнайы жоспарын қолға алмақ.


Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізбек.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif