Павлодардағы пациент коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған

Бұған дейін ДСМ осы облыста алғашқы науқас анықталғанын жариялаған

Фото: Shutterstock

1988 жылғы ер адам бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адаммен байланыста болған. 

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов арнайы брифинг барысында мәлімдеді. 

«27 наурызда Павлодар облысының 1988 жылғы тұрғынында коронавирус инфекциясы анықталды. Ер азамат Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адаммен байланыста болған. Пациент бекітілген алгоритмге сәйкес инфекциялық госпитальға жатқызылды», - деді Біржан Досмайылов.

Қазіргі уақытта пациенттің жалпы жағдайы қалыпты, температурасы тиісті деңгейде. Ол өзін жақсы сезінеді, денсаулығына байланысты шағымдар айтқан жоқ. 

Ер азаматпен байланысқа түскен адамдар анықталды. Қазіргі кезде оларға қатысты қажетті эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif