Мектептерде гаджеттерге тыйым салынуы мүмкін

Осыған дейін мемлекеттік мекемелерде смартфондарға тыйым салынған

Фото: Shutterstock


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы мектептерде смартфондар мен басқа гаджеттерге тыйым салынуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

 «Білім беру ұйымдарында түрлі гаджеттерді (смартфондар, планшеттер) пайдалануға тыйым салу мүмкіндігін зерттеп,бүгінгі таңда мұндай шараны жүзеге асырудың құқықтық шарттары іс жүзінде бар екенін жеткізді. Қазіргі уақытта сегіз аймақта  қарапайым ұялы телефондар қолданылады», - деп жауап берді премьер-министр.

Осы жылдың ақпан айының басында «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаты Мира Айсина  смартфондардың зияны туралы сөз қозғады. Ол планшеттер мен басқа да сандық технологияларға тәуелділіктің өсуі бас жарақаты мен ақыл ойдың кемістігі сияқты өзгерістерге әкеледі,-деп мәлімдеме жасады.

Мәжіліс депутаты Мира Айсина  қазіргі  кезде Германия мен Францияда студенттерінің мұндай деградацияға ұшырамауы үшін оқу орындарында гаджеттерді қолдануға тыйым салынғандығын мәлімдеді. 

Қазақстанда өткен жылдың қараша айына дейін мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарында смартфондарды пайдалануға тыйым салынды. Алайда, үкімет қаулыға қол қойып, оған сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнына смартфон әкелуге рұқсат етілді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif