Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған адам Ыстамбұлдан келген

Жарияланды
Ол Оралдың тумасы

Коронавирус инфекциясын жұқтырған ер адам Ақтауға Ыстамбұлдан ұшып келген. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағынбаев мәлімдеді.

 «1974 жылы туылған азамат Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. Ол Ақтауға Ыстамбұлдан келген, онда ол екі апта болған. Әуежайдағы барлық 74 жолаушы ауруханаға жеткізілді, барлығы сынақтан өтті », – деді Сағынбаев.

Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ екен.

 Сағынбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 86 адам карантинде, ал 139-ы үй карантинде.
 

Сондай-ақ оқыңыз