Коронавируспен күреске Ұлттық қордың қаражаты жұмсалмақ

4,4 триллион теңгеден 1,8 триллион теңге алынады

Фото: Аскар Ахметуллин

4,4 триллион теңгеден 1,8 триллион теңге еліміздегі дағдарысқа қарсы күреске жұмсалмақ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.


«Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 триллион теңгеден асады. Бұл шығындар республикалық бюджеттен 2,1 трлн теңге және инфрақұрылымдық облигацияларға қаражат тарту есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 1 триллион 852 миллиард-қа артты»,-деді ол.


Сонымен қатар, министр өткен брифингтердің бірінде Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайды деп мәлімдеген болатын. Сол үшін кешірім сұрады.  


«Коронавирус жағдайына байланысты өткен алғашқы брифингтердің бірінде мен Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайтынын айттым. Бұл мәлімдеме дұрыс болмады, сол себепті кешірім сұраймын», - деді Абаев.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif