Коронавирус жұқтырған кейінгі науқастар Алматыға Еуропадан ұшып келген

Олармен байланыста болғандардың барлығы анықталған

Фото: Офелия Жакаева

Қазіргі кезде жұқпалы аурулар стационарларында 47 пациент жатыр. Бір адам ауруынан айыққан. Жаңадан анықталған 5 адамның төртеуі 26 наурыз күні - «Минск-Алматы», екеуі "Мәскеу – Алматы" рейсімен бағытымен ұшып келген. Бұл туралы коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың жай-күйі туралы өткен брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлім етті.

«Жалпы 45 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған әйелдің жағдайы ауыр.  Бір баланы жағдайы орташа ауыр, оның хәлі жақсарып келеді»,  – басқарма басшысы.

Кеше Алматы қаласында вирус жұқтырған бір пациенттің аурудан айығып,  үйіне  шығарылғаны хабарланған еді. Енді ол емхана дәрігерлерінің бақылауында болады. 

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қазіргі кезде провизорлық бақылауға 1099 адам алынған, оның 72-і – бала. Қарантиндік орталықтарда 471 адам бар. 2037 адам үй карантинінде отыр. Оларды жағдайы қалыпты.

«Ендігі жерде қай елден ұшып келсе де, тест тапсыру үшін 2 күндік карантинге орналастырылатынын естеріңізге сала кетейін. Бұл шара халық арасында коронавирус инфекциясының таралмауы үшін қолға алынуда. Олардан COVID-19-ға талдау алынатын болады, егер инфекция расталмаса, үйлеріне қайтарылады», – деді ол. 

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қайтыс болған пациенттің жағдайына да түсініктеме берді. Әлеуметтік желілерде бұл пациент Алматыда жүргені туралы ақпарат тараған еді. Қала бойынша онымен байланыста болған 6 адам табылып, олардың барлығы қаланың провизиялық госпитальдарында тексеру үшін оқшауланған.

Ол сондай-ақ ауруханада жатқан екі баланың жағдайы туралы айтты. Бір баланың жағдайы қанағаттанарлық, талдаулардың бірі теріс нәтиже көрсеткен. Екінші баланың жағдайы орташа, қанағаттанарлық.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif