Қоғамдық жерде тамақтану уақыты шектелді

Жарияланды
Түнгі сағат 22.00-ға дейін 

ОКҚ-да өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қоғамдық тамақтану объектілерінің, сондай-ақ, қызмет көрсету саласы мекемелерінің жұмыс істеу ережелерін түсіндірді.

 «Сауда орталығынан тыс  орналасқан тамақтану орындары 22.00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар, бір уақытта келген келушілердің санын 50 адамға дейін шектеуі керек», – деді министр.

Сұлтанов тамақтану нысандарының иелеріне барлық санитарлық қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, тамақты онлайн режимінде жеткізу мүмкіндігін белсенді пайдалануға кеңес берді.

«Әр сағат сайын арнайы залалсыздандыру құралдарын қолданып, үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқаларын, баспалдақтар мен есіктерді, лифтілерді, әр үш сағат сайын едендерді тазарту керек».

Сонымен қатар, сұлулық салондарында, ательелерде және қызмет көрсету секторының басқа объектілерінде қол тазартқыш құралдарын орнатуды немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды ұсынсын деп тапсырды министр.
 

Сондай-ақ оқыңыз