Қазақстанға Қырғызстан азаматтарының кіруі шектелді

Шекара жабылмайды

Фото: Shutterstock

Интерфакс-Қазақстан агенттігінің мәліметінше, 8 наурыздан бастап Қазақстан Қырғызстан азаматтары үшін шекарадан өтуге уақытша шектеу енгізді,- деп мәлімдеді  Қырғызстан сыртқы істер министірінің орынбасары Нұрлан Абдрахманов

 «Қазақстан Республикасының тарапынан 8 наурыздан бастап шекарадан жеке куәліктермен және туу туралы құжатымен өту тоқтатылды» деген ескерту келіп түсті, - деді Абдрахманов. 

Оның айтуынша, бұл шара уақытша енгізілген.

 «Қазақстанмен шекара жабылмайды. Азаматтар шетел паспорты арқылы шекарадан өте алады», - деді Абдрахманов.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Covid-19 әлемде белсенді түрде таралуына байланысты Қазақстан еліне короновирус індеті  тараған елдерден шетелдік азаматтардың кіруіне шектеу қойылды. Осыған дейін Қырғызстан 1 наурыздан бастап коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты жеке куәлікпен мемлекеттік шекарадан өтуге уақытша тыйым салғаны туралы хабарлаған.

 Қырғызстан Қытайдағы Covid -19 коронавирусының өршуіне байланысты қырғыз-қытай мемлекеттік шекарасын жабу туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар жеке куәлікпен шекарадан өтуге Иран, Жапония, Оңтүстік Корея және Италия азаматтарының Қырғызстанға кіруіне уақытша шектеу енгізілді


Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандардың жалпы саны өсуде  қазіргі уақытта 97,942 мың адамды құрайды,- деп хабарлайды South China Morning Post Гонконг газеті.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif