1 view

Қазақстанда әлі жарты жылға жететін азық-түлік бар

Алайда әлі де болса тауық еті мен қантты шетелден тасып отырмыз

Фото: Shutterstock - George Rudy

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

 
“Бізде әлеуметтік маңызды азық-түліктің 19 түрі бар. Олар толық жарты жылға жетеді. Қазір ешкім қол қусырып отырған жоқ. Барлық аудандағы әкімдерге тапсырма берілді,”- деді ол. 

Алайда ол тауық еті мен қантты сырттан тасымалдайтынымызды жасырған жоқ.

“Азық-түліктің қауіпсіздігі – бірінші орында тұрған мәселе. Сондықтан бәрі қатаң бақылауда. 19 түрлі азық-түліктің ішінде құс еті мен қант та бар. Біз оны импорттағанымызбен, ол проблема күйіп тұрған жоқ. Азық-түлікке қатысты барлық мәселе біздің назарымызда”, –деп сөзін аяқтады Тоғжанов


Еске сала кетсек, әлемде коронавирус пандемиясының тарауына орай, кейбір елдерде азық-түлік жетіспеушілігі орын алған еді.  
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер