Ираннан әкелінген 425 тонна жеміс Қазақстанға жіберілмеді

Заң талаптарына сәйкес өнімдер импортына тыйым салынды 

Фото: Shutterstock.com

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары ағымдағы жылғы 17-24 ақпан аралығында Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасынан елімізге 560 тонна фитосанитарлық қауіптілігі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз алып кірудің 26 фактісін анықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

 «Ресей Федерациясынан фитосанитарлық сертификатсыз Қазақстанға 54 тонна сәбіз, 10 тонна қырыққабат, 40 тонна картоп және қызылша, 20 тонна бидай, 19,5 тонна жеміс, сондай-ақ 2 мың бірлік гүл өнімдері және Ираннан ел нарығына фитосанитарлық сертификаты жоқ 174 тонна алма және 249 тонна кептірілген жеміс кіргізілмек болған», -делінген хабарламада.


Сонымен қатар, өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Ал, бұған кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif