Грузия Италиямен әуе байланысын тоқтатты

Грузияда тоғыз адам қауіпті індетті жұқтырған

Фото: Shutterstock

Грузия үкіметі Италиямен тікелей рейстерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады,- деп жазады «Интерфакс» агенттігі.

Бұндай шешімді COVID-19 вирусының кең таралуына байланысты ведомствоаралық кеңесінің кезекті отырысында қабылданған. Ол жайында Грузия премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Сонымен қатар, шекара асатын грузиндіктер мен шетел азаматтарына да белгілі бір шектеулер енгізілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) тізіміне енген ауру жұқтыру қауіпі жоғары елдерден келген шетелдік жолаушылар мен Грузия азаматтары арнайы тексерістен өтеді. Оған қоса, 14 күндік карантинге оқшауланады. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Грузияның өзінде COVID-19 індетін тоғыз адам жұқтырған. Олардың ішінде екеуі Ираннан оралса, ал жетеуі Италия сапары барысында ауруға ұшыраған. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif