Еліміздегі ауруханаларда карантин жарияланды

Медициналық мекемелерге кіруге тыйым салынды

Фото: Shutterstock

Ауруханаларда карантин енгізілді. Бұл туралы республикалық телеарна эфирінде сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.


«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдар: бұл ауруханалар, медициналық және әлеуметтік мекемелер, қарттар үйі мен интернаттарда карантин енгізілді», - деді ол.


Бұл нысандар мен ұйымдарға баруға тыйым салынғанын атап өтті Біртанов. Тек медициналық қызметкерлерге рұқсат.


 

«Бұл науқастарды қорғау үшін жасалынып отыр. Сондай-ақ сурет және бейнежазба түсіруге тыйым салынды», - деді ол.


Еске салсақ, елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 27 адамға дейін өсті.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif