Елімізде 74 адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынды

237 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: Аскар Ахметуллин

Соңғы 24 сағат ішінде елімізде 74 адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте айтты.


«ТЖ талаптарын елемеген қаншама адамды көріп отырмыз. Соңғы 24 сағат ішінде 237 адам төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 74 адам қамауға алынды», - деді Абаев брифинг барысында.


Сонымен қатар, Тараз қаласында төтенше жағдайға қарамастан үйіне адамдар жинап, беташар ұйымдастырған 30 жастағы азамат ұсталған. 

 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция қызметкерлері беташар жасаған асабамен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұндай оқиғаға жол бермеу керектігін ескерткен.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif