1 view

Білім саласына қатысты тегін 25 онлайн-курс

Қажет болар ресурстар тізімі

Фото: www.shutterstock.com


Карантин кезінде үйде отырып-ақ тіл үйреніп, бағдарламалау негізімен танысып, гуманитар және жаратылыстану ғылымдарын оқуға болады. Алдағы уақытты қалай тиімді өткізуге болатынына қатысты материалдар легін жариялап отырамыз. Оқушылар мен студенттердің демалыста құр жатпай, білім алуына мол мүмкіндік ашылды. Төмендегі сервистер былайғы күні ақылы. Тек карантин біткенше қолдануға рұқсат. 

  1. Duolingo — тіл үйренуге мүмкіндік беретін портал.
  2. «Яндекс.Практикум» — диджитал мамандықтарды оқытатын портал.
  3. Udemy — түрлі өзекті тақырыпта дайындалған жүздеген онлайн-видеокурс.
  4. «Нетология» — маркетинг, аналитика, бағдарламалау сынды бағыттар бойынша курстар.
  5. Microsoft Learn — заманауи мамандықтарды игеруге көмектесетін білім беру платформасы.
  6. Lang–8 — тілді таза білетіндерден сабақ ала отырып, үйренуге арналған ресурс.
  7. «Деловая среда» — табысты кәсіпкерлерден лайфхактар.
  8. Coursera — алдыңғы қатарлы университеттер мен компаниялардан 400-ден астам мамандық бойынша 3800 курс.
  9. «Лекториум» — 70 түрлі курстқа қатысып, бітірген соң сертификат ала аласыз.
  10. «Интуит» — 40-тан аса категорияға бөлінген оқу материалдары.
  11. 4Brain — өзіңді дамытуға арналған ресурстар.
  12. НИУ ВШЭ — ойын құрастыру негіздерінен бастап экономикалық курстарды қамтитын кәсіби білікті арттыруға және қайта даярлауға арналған бағдарламалар.
  13. Arzamas.academy — тарих, әдебиет, философия және өзге де гуманитар ғылымдар бойынша дәрістер.
  14. Stepik — бағдарламалау негіздері, шетел тілдері және осы сынды басқа да бағыттар бойынша курстар.
  15. Ulearn.me — бағдарламалаудан ең негізгі тілдерде жазылған интерактив онлайн-курстар.
  16. «Лекторий» — ақпараттық технология, математика, физика, бизнес және өзге бағыттар бойынша дәрістер мен курстар.
  17. «ПостНаука» — мұнда түрлі тақырыптағы ғылыми дәрістерді табуға болады.
  18. «Универсариум» — табысты компаниялар, үздік университеттер мен бизнес-тренерлердің курстары.
  19. «Академия Хана» — математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих және өзге де ғылым салаларына қатысты материалдар базасы.
  20. «Эрмитажная академия» — өнерге қызығатын жандарға арналған ресурс.
  21. «Академия Пушкинского» — Пушкин музейінің әлем мәдениетіне арнап әзірлеген жобасы.
  22. Lingust — шетел тілдерін басынан бастағысы келетіндерге арналған дәрістер мен аудио-курстар.
  23. «Хекслет» — білігіне қарамастан бағдарламалаумен айналысуға құштар жандарға арналған курстар.
  24. HTML Academy — веб-құрастырушыларға арналған интерактив курстар.
  25. СПбГУ — қоғамдық, жаратылыстану және гуманитар ғылымдар бойынша өте көп курс жинақталған.

 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер