Алматыға дезинфекциялық препараттарды тегін берді

Павлодардың «Каустик» компаниясы Алматы қаласына 250 тонна хлорлы концентрат жөнелтті

Фото: кәсіпорынның ресми сайтынан алынды

Павлодар қаласындағы «Каустик» кәсіпорны соңғы 10 жыл дересінде заманауи химиялық өнімдер шығарып келеді. Олардың қатарында ғимарат, тұрғын үйдің подъездерін дезинфекциялауда таптырмас препарат – хлорлы концентрат бар. Таяуда кәсіпорын басшылығы аталмыш өнімнің 250 тоннасын Алматы қаласына тегін жөнелтті.     Ал Павлодар қаласындағы нысандарды дезинфекциялау үшін 60 тонна препарат дайындады. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, сырқаттарды бақылау жөніндегі Еуропа орталығы хлорлы концентратты тиімді әрі қолжетімді дезинфектант ретінде ұсынды. Ол вирусты екі минутқа дейінгі экспозиция мен 0,1% концентрация кезінде жоюға қауқарлы. Өнімнің сертификаты, тиісті рұқсаттық құжаттары бар әрі тиімділігі мен қауіпсіздігі расталған»,  – дейді кәсіпорынның  өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Владимир Рагулин. 

Бірақ бұл препарат еркін саудада жоқ, яғни кез келген тұтынушыға сатылмайды. Тек ірі кәсіпорындар мен мекемелерге темір жол цистерналарымен көп көлемде жеткізіледі. Кейін бұл компаниялар аталмыш концентраттан дезинфекциялық құрал дайындап, тұрғындардың пайдалануына ыңғайлы болуы үшін кішігірім ыдыстарға құйып, сатылымға шығарады. Сонымен қатар, «Каустик» АҚ натрий гипохлоритімен жергілікті әкімдіктерді, ірі мекемелерді тікелей қамтамасыз етеді.

«Бүгінде өндірістің жоғары қуаттылығы тәулігіне 52 тоннаға жетіп отыр. Одан бөлек, республиканың барлық сұранысын өтеу үшін бос тұрған қуаттылықты қоса аламыз. Яғни, жылына 3 мың тоннаға дейін препарат шығаратын қауқарымыз бар», - дейді Владимир Рагулин. 

Шағын аумақтарға дезинфекция жасау үшін хлорлы концентраттың 180 грамын 1 литр суға араластыру қажет. Ал ғимараттар мен подъездерді өңдеуге 10 литрлік ыдысқа 2 стақан препарат құйса жеткілікті. Мұндай дезинфекциялық өнімнің 0,1% концентрациясы балалар, үй жануарлары мен құстарға қауіпті емес. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif