Алматы облысында тағы 2 адам коронавирус жұқтырды

Біреуі Өзбекстаннан той тойлап келген

Фото: Shutterstock.com

Алматы облысында коронавирус диагнозымен тағы 2 адам тіркелді. Олар Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданында анықталды,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші жағдайда Қарасай ауданы Кемертоған ауылында тұратын 41 жастағы әйелдің вирус жұқтырғаны анықталып, Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Оған қоса онымен қарым-қатынаста болған 6 адам, соның ішінде азаматшаның күйеуі мен 2020 жылы туған сәбиі карантинге алынды. 

Екінші жағдайда ағайын-туыстар Өзбекстанға үйлену тойына өз шағын автобустарымен барған. 14 адамның   Өзбекстаннан келгені туралы мәліметтерді Түркістан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық мамандар хабарлап, облысқа келген бетте олар провизорлық стационарға жатқызған. Соның ішінде 1960 жылы туған азаматшадан вирус анықталып, қазір ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, ал қарым-қатынаста болған өзгелері карантинде.

Жалпы, Алматы облысында індетке шалдыққандар саны – 6. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif