Алматы облысында коронавирус жұқтырған әйелдің аяғы ауыр

Азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында екен

Фото: Shutterstock

Алматы облысында короновирус жұқтырған науқастардың жағдайы мәлім болды. Аурулардың арасында жүкті әйел бар. Бұл туралы cоronavirus2020.kz cайтында жарияланды. 


«Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі жағдай облыстың екі ауданында тіркелді. Біріншісі - 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған. Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша, ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды. Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда» - деп жазады сайт.

Алматы облысында коронавирустың 4 жағдайы тіркелді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif