Тоқаев Назарбаевты заманауи Қазақстанның негізін қалашы ұлы тұлға деп атады

Жарияланды
Президент ел тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа жылдық құттықтауында оның ойынша 2019 жылдың негізгі жетістіктер болған оқиғаларды атап өтті.

Олардың арасында елімізде өткен президент сайлауы, еңбекақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны, сондай-ақ студенттердің шәкіртақысын өсіру және 500-ден астам мұқтаж қазақстандықтардың борышкерлік жүктемесін азайту бар.

«Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды.
Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл халыққа шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді президент. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы елімізде азаматтық қоғам институтарын дамытуға бағытталған  «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 

«Халық пен билік арасындағы диалогты күшейту үшін маңызды реформаларды ұсындық.
Бұл бастамалар ынтымағымызды арттыруға бағытталған.
Татулық – ата-бабалар өсиет еткен қасиетті ұғым.
Сондықтан, татулық пен бірлікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Біз білімі озық, ойы ұшқыр жастарға жағдай жасап, жол ашамыз.
Осыған орай, «Президенттік кадр резерві» жасақталды», – деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2020 жылы мемлекеттік деңгейде Конституциямыздың 25 жылдығы, 
Абайдың, Әл-Фарабидің мерейтойларын,  Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтетінімізді еске салды.

«Біз 2020 жылды Еріктілер жылы деп жарияладық. Бұл игі істердің бастауы болады. Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайту үшін керек.
Келесі жылы халқымыз жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге кенеле берсін!
Жаңа жыл әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бақ-береке әкелсін!
Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», деді құттықтауын түйіндеген президент.
 

Сондай-ақ оқыңыз