Павлодарда картоп өңдеу зауыты салынбақ

Ол басы артық өнімнен крахмал өндіретін болады

Фото: из открытых источников

Сонда шаруалар күзде өсірген өнімін өткізетін нарық іздеп сандалмайды, ал болашақ зауыт шығаратын өнім, яғни крахмал, аймақ үшін қомақты табыс көзіне айналмақ.

Мал азығына пайдаланады

Өткен жылы Павлодар облысында 17,9 мың гектар алқапқа картоп егіліп, әр гектардың өнімділігі, орташа есеппен, 309 центнерді құрады. Сөйтіп, барлығы 552 мың тонна картоп алынды. Ал облыс тұрғындарының сұранысы, шамамен, 100 мың тонна.

Шаруалар қалғанын өзге өңірлерге жөнелтіп, сыртқа сатады. Атап айтқанда, былтыр еліміздің басқа аймақтарына 27 684 тонна, әлем елдеріне 106 мың тоннадан астам картоп жеткізілді. Сонда да жиналған өнімнің тең жартысы артық қалды.

Кейбір шаруалар картопты көктемге дейін көкөніс қоймаларында сақтап, баға шарықтаған тұста сатуды жөн санайды. Ал қоймасы жоқ шаруаларға артық өнімді мал азығы ретінде пайдалануға тура келеді. 

Шаруалар дайындықты бастап кетті

Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілері одағының басқарма төрағасы Қайрат Бисетаев өнім артық қалмас үшін оны өңдеуге ден қою керек деп пайымдайды. 

Айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан импортқа тәуелді ел болса, бүгінде экспорттаушы мемлекетке айналған. Жыл сайын, орташа есеппен, 200 мың тонна қазақстандық картоп өзге елдердің тұтынушыларына жол тартады екен. Десе де, экспорттың болашағы бұлыңғыр.

«Сондықтан елімізде крахмал зауытын салған дұрыс. Бұл өңдеу орны картопты өсіру көрсеткіші бойынша көш ілгері тұрған Павлодар облысында іске қосылса, тіпті, жақсы», - дейді Қ.Бисетаев. 

Павлодарлық шаруалар крахмал өндірісіне қажет картоп сұрыптарын өсіруге дайындықты бастап кетті.

Железин ауданындағы «Пахарь» шаруа қожалығы биылдан-ақ өндірістік үлгідегі картопты тәжірибе ретінде өсіріп көрмек. Шаруашылық басшысы Олег Литвиненко көктемде картоптың еуропалық тұқымының үш сұрпы жеткізілетінін айтты.   

«Былтыр 350 гектарға картоп салып, 52 тонна жинадық. Ал биыл еуропалық үш сұрыпты 5 гектар аумаққа салу жоспарда бар. Оның қайсысы біздің климатқа қолайлы болып, мол өнім берсе, келесі жылы сол сұрыпқа басымдық беретін боламыз», - дейді шаруашылық басшысы. 

Павлодарлық зауытқа  ешкім бәсекелес бола алмайды 

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Александр Бабенко "наурыз айында зауыт салуға қажетті құжаттар дайын болып, сараптамаға жіберіледі, кейін Железин ауданында жаңа зауыттың құрылысы басталмады", дегенді алға тартты.   

Төрағаның айтуынша, кәсіпорын жылына 150 мың тонна картопты өңдеп, 24 мың тонна крахмал шығарады екен. Бұл өнімді сатылымға шығарар әлемдік нарық аясы кең. Еуропа елдері жылына 568 мың тонна, ТМД елдері 24 мың тонна крахмал тұтынатын кеөрінеді.

"Аталмыш өнімді ірі өндірушілердің бірі – Беларусьтің өзі бізге бәсекелес бола алмайды. Бұл елдегі Гродно қаласындағы зауыт жылына 40 мың тонна картопты өңдеп, одан 5,6 мың тонна өнім алады. Біздің қуаттылық бұдан бірнеше есе жоғары болмақ», - дейді Александр Бабенко. 

Алдын ала есептеулер бойынша, крахмал зауытының құрылысына 30 млн еуро қажет. Мұндай қомақты көлемдегі инвестиция құюға отандық және шетелдік компаниялар қызығушылық танытып отыр.

Себебі, экспортқа бағытталған крахмалды саудалаудан мол табысқа кенелуге болады. Айталық, былтыр Қытай 63 млн. АҚШ долларына, Оңтүстік Корея 83 млн. АҚШ долларына крахмал сатып алған екен.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif