Қазақстандықтар жаңа көлік сатып алуға 650 млрд теңге жұмсаған

2019 жылғы көрсеткіш осындай

Фото: Shutterstock

Қазақстандықтар жаңа жеңіл автокөлік сатып алуға 654,3 млрд теңге жұмсады ($1,71 млрд), бұл – 2018 жылдың көрсеткішінен 31,8%-ға артық. Ресми диллерлер 71 417 автокөлік сатып, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23,3%-ға жоғары болды, деп хабарлайды «ҚазАвтоөндіріс» АҚ баспасөз қызметі. 

2019 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, сатылған тауар көлемі  (8 013 бірлік) алдыңғы жылғы көрсеткіштен 47%-ға асып түсті. Ай қорытындысы бойынша, нарық көлемі 65,5 млрд теңгеге жеткен ($170,5 млн), бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 38,2%-ға артық. 42 205 адам (59,1%) қазақстандық автозауыт өнімдерін  таңдаса, 2019 жылы сатылған көліктің 40,9 пайызы немесе 29 212 данасы – импорттық тауар. 

Қазақстандықтардың таңдауы түскен көліктердің ішінде Lada маркалы көліктер көш бастап тұр, ел аумағында жалпы саны 15366 ресейлік көлік сатылған. Hyundai маркалы көліктің 14 853 данасы өз иелерін тапқан. Ал үшінші орында 14 197 көрсеткішімен Toyota маркасы келеді. Көш басындағы бестікті KIA (3 758 бірлік) және Ravon (3 651 бірлік) маркалары тұйықтайды. 

Сатылымы ең жоғары ондыққа: Renault (2 637), Газ (2 554), Ниссан (2 358), УАЗ (2000) және Фольксваген (1 706) маркалы көліктер кірген. 

«Былтыр нарықтың дамуына бірнеше фактор әсер етті: тұтынушы белсенділігінің сақталуы, валюта секторындағы тұрақтылық және жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын қосымша қаржыландыру. Жыл қорытындысы бойынша сатылым 23,3%-ға өсіп, біздің болжамымызға сәйкес, 70 мыңдық көрсеткішті бағындырды. 2020 жылы алдын ала болжам бойынша, 80 мыңға жуық жаңа көлік сатылуы мүмкін. Бұл көрсеткіштің басым бөлігін отандық  өндіріс қамтамасыз етеді»,–деді «КазАвтоөндіріс» АҚ стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында жеңіл көлік сатып алуда Алматы (18 799), Нұр-Сұлтан (13 963), Шымкент (5 852), Атырау (4 484), Қарағанды (4 440), Қостанай (4 071) тұрғындары белсенділік танытқан. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif