Қазақстандағы кезектен тыс сайлау наурыздың соңында немесе сәуірдің басында өтеді

Жарияланды
Аталмыш ақпаратты kursiv.kz-ке бірден екі тәуелсіз дереккөздері растап берді

Мәжілістің (Қазақстан парламентінің төменгі палатасы) кезектен тыс сайлауы наурыздың соңында немесе сәуірдің басында өтуі мүмкін. Шамасы, алдағы апталарда не күндерде бұл туралы ресми жарияланады.Бұл туралы kursiv.kz тілшісіне бір-бірінен тәуелсіз дереккөздер айтып берді.

Олардың біреуінің айтуынша, қалай болғанда да өңірлік сайлау комиссияларында кезектен тыс сайлауға дайындық басталған. 

«Шамасы, дауыс беру наурыздың соңғы жексенбілерінің бірінде немесе сәуірдің алғашқы апталарында өтеді. Барлығы қазіргі парламенттің қашан таратылатынын жариялауға байланысты», – деп атап өтті дерекөздердің бірі Kursiv.kz-ке айтқан сөзінде. 

Әзірге дайындалып жатқан кезектен тыс парламент сайлауы туралы ресми ақпарат болған жоқ.      

Естеріңіззге салсақ, сайлаудың биылғы наурызда өтетіні туралы ақпарат Ресейдің тәулік бойы ақпарат тарататын «Россия-24» арнасының эфирінде айтылған болатын

Мәжілістің қазіргі құрамы 2016 жылғы 20-наурыздағы дауыс берудің барысында сайланған болатын. Оның алдындағы 2011 жылғы сайлау сияқты ол да Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Парламентті тарату туралы» Жарлыққа қол қойғаннан кейін белгіленген болатын. Парламентарийлер аталмыш жарлыққа сәйкес өз өкіленттіктерін тоқтатты. 

Сайлау туралы заңға сәйкес, дауыс беруге дайындыққа алдағы сайлау туралы ресми жарияланған сәттен кейін екі ай беріледі. 

Парламентің төменгі палатасының қазіргі құрамында 107 депутат бар. Nur Otan партиясының еншісінде 84 мандат болса, тағы жеті орыннан «Ақжол» және ҚКХП партияларының үлесіне тиген. Қалған тоғыз орын – Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдеріне берілген квота.

Сондай-ақ оқыңыз