АҚШ Иранға келіссөздер жүргізуді ұсынды

Алдын ала шарттар қойылып отырған жоқ

Фото: Shutterstock

Вашингтон Иранға тікелей келіссөздер жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы  АҚШ-тың тұрақты өкілі Келли Крафтың халықаралық ұйымның атына жолдаған хатына сілтеме жасаған немістің  Deutsche Welle телерадиокомпаниясы. Бұл турасында Интерфакс-Казахстан жазды.

Атап айтқанда, хатта былай делінген: Вашингтон «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке ары қарай қауіп тудыруға немесе ирандық режим тарапынан шиеленісті күшейтуге жол бермеу мақсатында алдын ала шарт қоймай, Иранмен байсалды келіссөздер жүргізуге дайын».

Бұдан бөлек, жолдауда американдық әскерилердің, нәтижесінде, ирандық әскери қолбасшы Қасем Сүлеймани қаза тапқан, Ирактағы операциясы ақталады. Хатқа сүйенсек, операция БҰҰ Жарғысының елдің өзін өзі орғау құқығын қарастыратын  51-бабына сәйкес жүргізілген екен.

Сонымен қатар, Вашингтон АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мүдделерін қорғау мақсатында жаңа акцияларға баруы мүмкін екенін ескертті.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif