Тоқаев неміс компанияларының басшыларымен кездесті

Қазақстан басшысы оларды республика экономикасына инвестиция құюға шақырды

Фото: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлиндегі неміс компанияларының басшыларының алдында сөз сөйледі. Бұл турасында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Мемлекет басшысы «Volkswagen», «Mann», «Siemens», «Knauf», «Bayer», «METRO» секілді жетекші неміс концерндері Қазақстанда белсенді жұмыс жасап жатқанын атап өтті. «Heidelberg Cement» және «Linde Group» корпорациялары ел экономикасына ірі көлемде қаржы құйып, табысты экономикалық ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып отыр.

Іс-шараға 20-дан астам неміс компаниясының жетекшілері қатысты. Атап айтқанда, «WILO», «CLAAS Group», «SMS Holding GmbH», «Schaeffler AG», «Airbus Defence and Space», «Linde AG», «Mangold Consulting GmbH», «Herrenknecht AG», «Knorr-Bremse AG», «Euler Hermes», «Siemens Healthineers», «John Deere», «Deutsche Bank AG», «Tönnies Holding», «BAUER COMP Holding» және т.б.

Қазақстан Президенті Еуропа одағына мүше мемлекеттердің ішінде Германияның Қазақстан үшін негізгі сауда-экономикалық серіктес екенін атап өтіп,  еліміздің ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

«Қазақстан Президенті ретінде Германиядан елімізге инвестиция мен кәсіпкерлерді тартуға және бизнес өкілдерінің  өздерін қауіпсіз сезініп, табысты дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Біз неміс кәсіпкерлері үшін ерекше жағдай жасауға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өз сөзінде президент Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының толыққанды мүшесі болу үшін заңнамаларды осы ұйым деңгейіне дейін көтеруге ұмтылатынын мәлімдеді. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанның қолайлы географиялық жағдайы мен орнықты сыртқы экономикалық саясаты шетелдік инвесторлар үшін зор мүмкіндіктерге жол ашатынына назар аударды.

«Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Біз Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды көлік хабы болып табыламыз. Барлық трансқұрлықтық бағыттағы жолдардың  70 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі жүк тасымалына кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Биыл Қытайдың Сиань қаласынан Германияға тасымалданатын жүк небәрі он күнде жеткізіліп, ректордтық көрсеткішке жетті», – деп атап өтті президент.

Неміс іскер топтарының өкілдері Қазақстан нарығында жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жоспарлары мен ұсыныс-тілектерін айтты.

“Біз үшін сізбен әңгімелесу зор ғанибет. Сіздің бүгінгі сапарыңыз саяси қатынастарымызға ғана емес, экономикалық байланыстарымызға да оң ықпал ететініне сенімдіміз. Қазақстан үшін Германия бизнесі сенімді серіктес екеніне сендіремін. Болашақ ынтымақтастығымыз бен Қазақстан экономикасындағы неміс инвестициясын арттыру үшін бізге зор мүмкіндіктер ашылады деп есептеймін, – деп мәлімдеді «WILO» компаниясының басшысы Оливер Гермес.

Бұдан бұрын, екі ел арасындағы экономикалық әріптестіктегі кері үрдісті жою және экономикалық байланысты дамыту үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапар шегуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланған болатын. 

«Германия – Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі: Орта Азия елдерімен сауда-саттықтың 86 пайызы – Қазақстанның үлесінде. Сапар барысында құны, шамамен, 2 млрд долларды құрайтын келісімдер мен меморандумдарға қол қоямыз деген үміттемін», – деді Қ.Тоқаев.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif