Тоқаев Германияға ресми сапармен барады

Президент сапары 5-6 желтоқсанға жоспарланған

Фото: Пресс-служба Акорды

Екі ел арасындағы экономикалық әріптестіктегі кері үрдісті жою және экономикалық байланысты дамыту үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барады деп хабарлайды Dw.com.


«Германия – Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі. Германияның Орта Азия елдерімен сауда-саттығының 86 пайызы – Қазақстанның үлесінде. Сапар барысында құны, шамамен, 2 млрд долларды құрайтын келісімдер мен меморандумдарға қол қоямыз деген үміттемін», – деді Қ.Тоқаев. 
 

Биыл алғашқы сегіз айда Қазақстанның ГФР-ға экспорты 21,4 пайызға құлдырап, 2,258 млрд еуроға дейін төмендеген. Неміс өнімдерін сатып алу көлемі 6,3%-ға азайып, 926 млн евроға дейін төмендеді. Нәтижесінде, екіжақты тауар айналымы 17,5%-ға қысқарған. Бұл – ГФР Федералдық статистика мекемесінің (Destatis) соңғы деректері. 

Мемлекет басшысы Германияның машина жасау, ресурстық материалдарды өңдеу саласында әлемдік көшбасшы екенін айтып өтті. 

«Сондықтан біз бұл елмен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Әлеуетті неміс инвесторлары қызығушылық танытқан салалардың бәріне жол ашық. Сонымен қатар, оларға арнайы жағдай жасап, оншақты арнайы экономикалық аймақтарымыздан орын береміз», –деп қосып өтті Президент. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif