Президент әкімшілігі әкімдіктердің рейтингісін енгізуге дайындалып жатыр

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау қарастырылған

Фото: Shutterstock

Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің нәтижелілігін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» деген жарлығының жобасында осындай бастама қарастырылған. Аталмыш жарлық Ашық нормативтік актілер сайтында жарияланған

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19-наурыздағы                     № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің               65-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
 

1.    Қоса беріліп отырған:

1)    Жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесі осы бұйрықтың                 1-қосымшасына сәйкес;

2)    Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесі осы бұйрықтың

2-қосымшасына сәйкес бекітілсін», – деліген құжатта. 

Құжатты қоғамдық талқылау 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 
    
Мемлекеттік орган қызметіннің нәтижесін бағалауда қызмет нәтижелілігінің индексі, көрсеткіштің оң серпіні және көрсеткіштің теріс серпіні, индекстердің шекті мәні есепке алынады. 

Президент Әкімшілігі нәтижелілікті бағалауды, зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау бойынша ведомстволық бағынышты ұйымды тарта отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің әдістемелік, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуімен жүргізеді.

    Нәтижені бағалау өткен кезеңге қатысты мемлекеттік органның даму прогрессін айқындау үшін, өткен кезеңге қатысты бағаланатын кезеңнің сандық (статистикалық) және сапалық (сауалнамалық) көрсеткіштерінің нақты мәндерінің индекстерін есептеуді қамтиды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif