Қазақстандық авиакомпаниялардың кірісі 16 пайызға артты

Олар қаңтар-қараша аралығында 7,9 млн жолаушы тасымалдаған

Shutterstock

2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында авиатасымалдаушылардың кірісі 16,4 пайызға артып, 369,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Finprom.kz.

mailservice (1)_3.png

Өткен жылдың дәл осы кезеңінің нәтижесі бойынша, компаниялардың кірісі 317,1 млрд теңгеге жетіп, өсім 16,6%-ды құраған. Бүкіл кірістің 97,9 пайызы негізінен жолаушы тасымалынан түскен, осы сегменттегі қаржы 361,2 млрд теңге болды. Ал жүк тасымалынан 7,9 млрд теңге немесе 2,1 пайыз кіріс кірген. 

Сонымен қатар, қаңтар-қараша аралығында  авиакомпаниялар 7,9 млн жолаушы тасымалдаған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, 7,5 пайызға артық, (былтыр 7,3 млн  жолаушы тасымалданған). Бұл – әуе тасымалы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. 

mailservice_4_0.png

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  дерегіне сүйенсек, Қазақстан әуежайлары биыл 10 айда 14,8 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл көрсеткіш жыл соңына таман 16 миллонға жетпек. Мекеме ақпараты бойынша, 2018 жылы отандық әуежайлар 15 млн жолаушыға қызмет көрсеткен: ішкі рейстер бойынша – 9 млн, ал халықаралық рейспен 6 млн адам ұшқан. Осылайша, 2019 жыл қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалы 6,6 пайызға артпақ.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif