Қазақстанда қалдықтардан электрэнергиясы өндіріледі

Жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылмақ

Фото: Shutterstock

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-дағы брифинг барысында ведомствоның қоқысты қайта өңдеу саласына инвесторлар тарту жөніндегі жоспарлары туралы айтты.

«Еліміздегі тарифтер (қоқысты ұқсатуға және қайта өңдеуге) өте төмен. Объективтік тұрғыдан алғанда, біз тарифтерді еселеп көтерудің мүмкін емес екенін жақсы түсінеміз. Бұл салаға инвесторлар тарту үшін, тарифтерді ондаған есе көтеру қажет. Әлбетте, бізде ондай мүмкіндік жоқ», — деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанға неғұрлым лайықты нұсқа қоқысты қайта өңдеу саласына инвесторлар тарту. Сөйтіп, қалдықтарды жылумен ұқсатып, артынан одан  өндіруді жолға қою.

«Біз еуропалық тәжірибені және Азия елдеріндегі тәжірибені зерттедік. Нәтижесінде, елімізде енгізе алатын жалғыз әдіс - қалдықтарды өртей отырып, одан электроэнергиясын өндіру, деген тоқтамға келдік. Бірден атап айтайын, қалдықтарды өртеуде олардың сапасы бойынша еуропалық қатаң директивалар қолданылады, басымызға тағы бір пәле тауып алмау үшін, олар неғұрлым «жасыл» қалдықтар болу керек», - деді сөзін нақтылай түскен ол.

Қалдықтарды өртеу кезінде түрлендірілетін электроэнергиясы жаңартылатын электрэнергиясы сияқты орталық электр желісіне өткізледі.

«Сөйтіп, біздің елге келетін инвесторлар негізді назарды сатылатын электрэнергиясының құнына аударып, табысты содан табады. Олардың кірісі тарифтерде емес, электрэнергиясымен есептелетін болады», — деді Мырзағалиев.

Министрлік бірнеше жылдың ішінде елге инвесторлар тартып, зауыт салуға аукциондар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтарлығы, жобаларды қаржыландыру жеке инвестициялар есебіне жүзеге асырылатын болады. 
Осы орайда, атап айтар нәрсе, еліміздегі полигондарда 120 млн. тонна қалдықтар сақталуда. Жыл сайын алты млн тоннаға дейін тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) түрлендіріленді. Ал қайта өңдеу деңгейі бар-жоғы 13-14-ды құрайды.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif