Қазақстан нарығында бензинің шамадан тыс көп болуы болжалануда

Жарияланды
Бұл турасында Қазақстаның энергетика министрлігі хабарлады

Жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 17,1 млн тонна мұнай өңдемек, бұл 2018 жылмен салыстырғанда, 5% көп. Бұл турасында бүгін ОКҚ-дағы брифингте энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. 

Сөйтіп, оның айтуынша, ортамерзімдік болашақта ішкі нарықта мұнай өнімдерінің профициті болжалануда. 

«Мұнай өңдейтін зауыттардағы мұнай өңдеу көлемі 2019 жылдың қорытындылары бойынша 17,1 млн тоннаға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда, өсім 5% құрады. Мұнай өнімдерін өндіру өткен жылмен салыстырғанда, бензиндер бойынша 15%-ға, дизельдік отын бойынша 10%-ға, авиаотын бойынша 75%-ға артты», – деді вице-министр.

Ол 2017 жылы Атыраудағы және Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялаудың аяқталғанын еске салды. 2018 жылы Шымкент зауытын модернизациялау да аяқталды. Бұл өңдеудің қуаты мен тереңдігін ұлғайтуға мүмкіндік берді және К-4 пен К-5 стандарттары бойынша отандық мұнай өнімдерінің жоғары сапасын қамтамасыз етті. 

«Барлығымыз білетіндей, нарық жақында ғана импортқа тәуелді болатын, мұнай өнімдерінің кейбір түрлері бойынша импорт үлесі 40%-дан асып кететін, біз сіздермен жыл сайын бензин тапшылығына қатысты мәселені талқылайтынбыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, жағдай түбегейлі өзгерді», – деді Мағауов.

Биыл зауыттардағы өндірісті қолдау мақсатында шілдеден бастап, автобензин бойынша экспорт ашылды. Ай сайын  20-30 мың тонна автобензин экспортқа шығарылуда. 

«Сөйтіп, ортамерзімдік болашақта ішкі нарықта мұнай өнімдерінің профициті болжалануда», – деді сөзін түйіндеген спикер.

Сондай-ақ оқыңыз