Француз компаниясы Өзбекстанда уран өндіреді

Осы мақсатта бірлескен кәсіпорын құрылды

Фото: Shutterstock

Француздың Orano Mining компаниясы мен Өзбекстан Геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік комитеті  бірлесіп, уран өндіруге және барлауға бағытталған  «Nurlikum mining»  ЖШҚ обірлескен кәсіпорнын құрмақшы. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.


Кәсіпорынның 51 пайызы француздардың үлесінде болса, қалған 49 пайызы Өзбекстан мемлекеттік геология комитетіне тиесілі. Шетелдік инвесторлар кен орындарын барлауға қаржы салады. Orano Mining 2020 жылдың өзінде $8 млн тікелей инвестиция бөлуді жоспарлап отыр. Кәсіпорынның негізгі капиталы – $34,5 млн.


Orano Mining – осы саладағы әлемдік көшбасшы  компаниялардың үштігіне кіретін  өнеркәсіптік компания.


Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметі бойынша, Өзбекстан 2018 жылы әлемде өндірілген уран көлемі бойынша жетінші орынды иеленген.  Былтыр бұл елде 2,4 мың тонна уран өндірілген (әлемдік өндірістің 4,5%). Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан көш басында келеді,  еліміз бір жылда 21,7 мың тонна (әлемдік өндірістің 41%) уран өндірген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif