Украина жылыту маусымында Ресей газының транзитін тоқтатпақ

Бұл туралы елдің энергетика министрлігінің басшысы мәлімдеді

Фото: Shutterstock

Украина Ресей газының транзитін тоқтатуға дайын, деді Энергетика министрлігінің басшысы Алексей Оржель ICTV арнасындағы «Свобода слова» бағдарламасының эфирінде. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Министрдің айтуынша, газдың жинақталған қоры Украинаға жылыту маусымын газды тасымалдамай-ақ немесе жеткізбей-ақ өткізуге мүмкіндік береді екен.

«Біз оқиғаның солай өрбуіне, атап айтқанда, Украина аумағы арқылы газ тасымалдауды тоқтатуға дайынбыз», - деді ол.

Солай десекте, ол Киевтің газ транзиті туралы жаңа келісім-шартқа қол қою мүмкіндігін де жоққа шығарған жоқ.

Бұдан бұрын Ресей, егер Украина билігі тиісті заңнаманы қабылдайтын болса, еуропалық тараптың шарттарымен газ транзиті бойынша жаңа келісім-шартқа қол қою мүмкіндігін қарастыруға келісетіні туралы пікір білдірген болатын. Алайда жақын күндерде орын алған үш тараптық кеңесулер ешқандай нәтиже берген жоқ.

Брюссель мен Киев Мәскеудің соттық дауларды және Украинаға газ жеткізумен қатар газ транзиті мәселесін пакетпен шешу жөніндегі пікірін назарға алғанымен, әзірге жауап беруге дайын емес.   

Ал Ресей мен Украина арасындағы көк отын транзиті мен оны жеткізудің қолданыстағы контрактісі 2019 жылдың соңында аяқталмақ

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif