Тоқаев Украинамен экстрадиция туралы келісімге қол қойды

Заң мәтіні баспасөзді жарияланды

Фото: REUTERS/Shamil Zhumatov

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы Экстрадиция туралы келісімді бекіту туралы» заңға қол қойды. Бұл турасында Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Бұдан бұрын, мәжіліс депутаттары қылмыс жасады деген күдікпен іздеу салынған екі ел азаматтарын бір біріне беру туралы Қазақстан мен Украина арасындағы өзара келісімді бекіткен болатын. Құжат өткен жылғы қазан айында дайындалған.

Парламенттің төменгі палатасының отырысында бас прокурордың орынбасары Мұрат Ахметжанов атап өткендей, айырбас тек қылмыс жасады деп күдікке ілінгендерге ғана емес, сонымен қатар, сот шешімін орындаудан бұлтартып жүргендерге де қатысты.  

«Қазіргі кезде екі ел арасындағы экстрадиция саласындағы әріптестік, халықаралық келісімдерге қол қоюға тыйым салмайтын, Минск конвенциясымен реттеледі. Бұдан бөлек, 2014 жылдан бері Украина біртіндеп ТМД-дан шығып жатыр, сондықтан осындай келісім жасау қажеттігі туындады», - деп атап өтті Ахметжанов мырза.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif