Тоқаев Көкшетауға келді

Жарияланды (жаңартылды )
Мемлекет басшысы бірнеше өндірістік нысандарда болады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетауға келді.

«Сапар барысында президент аймақтың активімен кездеседі және Ақмола облысының даму мәселелері бойынша мәжіліс өткізеді. Сонымен қатар, сапар бағдарламасында бірнеше өндірістік нысандарда болу қарастырылған», – деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Естеріңізге салсақ, 12-13-қарашада президент Қазақстанның қорғаныс министрімен, Иранның сыртқы істер министрімен және «CNPC» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездескен болатын.

Сондай-ақ бұдан бұрын 6- және 7-қарашада Омбыда ҚР мне РФ өңіраралық әріптестігінің форумы өткендігі хабарланған болатын. Аталмыш шараға екі мемлекет басшылары – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысқан еді. Кездесудің қорытындылары бойынша сегіз құжатқа қол қойылды, олардың ішінде, Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әріптестік туралы келісім-шарттар да бар.

Сондай-ақ оқыңыз