Нұр-Сұлтан қаласында Tesla көліктерін қуаттайтын алғашқы станция ашылды

Ол электромобильді бірнеше минуттың ішінде қуаттауға мүмкіндік береді

Фото: yousang/Shutterstock

Қазақстанның бас қаласында Tesla электркөлігін қуаттайтын станциялар пайда болды. Бұл туралы Uchet.kz-тің негізін қалаушы Максим Барышев өз Instagram парақшасында жариялады. 

Оның айтуынша, Supercharger қуаттағыштары Елордадағы Talan Towers ғимаратының паркингінде орналасқан. Zakon.kz сайтының деректеріне сүйенсек, тағы 4 станция The Ritz-Carlton, Astana отелінің қасында орналасқан.

Tesla Supercharger  қуаттағышы TESLA-ның Model S, Model X и Model 3  сынды электркөліктерін бірнеше минуттың ішінде қуаттайды екен.

АҚШ-та 2019 жылғы наурызда жаңа Tesla Model Y электркөлігінің таныстырылымы өткен еді. Осы іс-шараға қатысқан қазақстандықтар көлік қуаттайтын станцияларды Қазақстанда салуды ұсынған болатын.

Сол кезде Tesla компаниясының басшысы Илон Маск Қазақстанда жақсы қолдау бар екенін айта келе, «ол жақта Supercharger саламыз деген ойдамын»,– деген еді.

Ал маусым айында Tesla көліктеріне қызмет ететін орталық Алматы қаласында, Абай мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында салынады деген ақпарат тараған болатын.

Tesla Supercharger - америкалық автомобиль өндірушісі Tesla Inc-тың өз  көліктері үшін жасаған 480 В тұрақты зарядтау станциясы. Tesla Supercharger жылдам қуаттайтын станциялар желісі 2012 жылы пайдалануға берілді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif