Мұнай өндіруді қалпына келтіру Қазақстандағы экономикалық өсімді жеделдетті

Қаңтар-қазан айлары аралығындағы ЖІӨ-нің өсімі 4,4%-ға дейін жеделдетілген

Фото: Аскар Ахметуллин

Мұнай өндіруді және инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру Қазақстандағы экономикалық өсімді жеделдетті, деп хабарлады 12-қарашада еліміздің Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

«Қаңтар-қазан айлары аралығында ЖІӨ-нің өсімі 4,4%-ға дейін жеделдетілді, экономика өсуінің негізгі факторлары инвестициялық белсенділік, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесінің және ішкі сұраныстың артуы, өнеркәсіп салаларындағы екі таңбалы өсім және мұнай өндіруді қалпына келтіру болып табылады», - деді Дәленов үкімет отырысында.

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы еліміздегі ЖІӨ-нің өсімі 4,3%-ды құраған болатын, атап айтарлығы, мұның алдында энергетика министрлігі жылдық мұнай өндіру бойынша болжамды, саланың ағымдағы өсімін ескере отырып, 89 млн тоннадан 90,5 млн тоннаға дейін өсірді. Өзгертілген жылдық жоспар орындалған жағдайда, бұл еліміз үшін рекордтық көрсеткіш болады, бұған дейін ол 2018 жылғы 90,4 млн тоннаға тең болған.

Инвестициялық белсенділікке келетін болсақ, Дәленовтың мәліметтері бойынша, негізгі капиталға құйылатын инвестиция 10 айда 8,2%-ға өскен, ал ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесі ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында 28,5%-ға артқан – жыл басында ол 28,3%-ды құраған болатын. Министрлік ішкі өсімнің артуын халықтың нақты табысының өсуімен байланыстырып отыр, билғы 9 айда ол 6,4%-ды құраған.

Ақырында айтарымыз, өнеркәсіптік өндіріс тұрақты өсім тенденциясын сақтап отыр, қаңтар-қазан айлары аралығында оның өсімі 3,5%-ды құрады. Атап айтарлығы, өңдеу өндірісі 3,3%-ға өссе, неғұрлым үлкен үлесті келесі салалар берген: жеңіл өнеркәсіп (18,9% өсім), машина құрылысы (18,8% өсім), фармацевтика (15,2% өсім) және сусындар өндірісі (13,9% өсім).

Тау-кен өндірісіндегі өсім мұнай өгдіруді қалпына келтіру есебінен 3,7%-ға дейін жеделдетілді, түрлі-түсті металлдар кенін өндірудің 18% көлеміндегі жоғары қарқыны сақталуда.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif