Қазақстанда қанша жас адам жұмыс істемейді және оқымайды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі NEET ұрпағы пайда боуының себебін атады

Фото: Shutterstock

Қазақстанда жастардың 7,2% жұмыс істемейді және оқу процесімен қамтылмаған, ал бұл еңбекке қабілетті 254 мың адам. Бұл туралы бүгін мәжілістегі «үкімет сағатында» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі (АжҚДМ) Дәурен Абаев хабарлады. 

Ал Еңбектің халықаралық ұйымы мәліметтері бойынша, әлемдегі жастардың әр бесіншісі солардың қатарына кіреді екен. 2018 жылы бұл көрсеткіш, орташа есеппен, төмендегідей болыпты: бозбалалар арасында 10,5%, бойжеткендер арасында 15,6%.

АжҚДМ басшысы осы жылдың соңына дейін олардың санын 1%-ға төмендетуді жоспарлап отырғанын атап өтті, ал түпкі мақсат – 2021 жылға қарай, бұл көрсеткішті 6%-ға жеткізу.

«Әлбетте, 254 мың адам – өте қомақты цифр, бірақ біз тек осымен шектелмей, терең талдау жасадық. Сөйтіп, кейбір деректерді нақтылай түстік. Мәселен, жұмыспен және оқумен қамтылмағандардың 52 мыңы – үйдегі тұрмыс шаруасын жүргізуге байланысты жұмыс істемейтін жастар, отбасы мүшелеріне күтім жасайтындар, оның ішінде, жас аналар да бар. 33 мыңы – денсаулығына байланысты жұмыс істемейтіндер, олардың көпшілігі мүгедектігі бойынша жәрдемақы алады. Біз оларды да назардан тыс қалдырмаймыз, олар үшін түрлі курстар қарастырылған, оның ішінде, онлайн жүргізілетіндері де бар (Біліктілік деңгейін көтеру бойынша – Курсив)», - деді сөзін нақтылай түскен АжҚДМ басшысы.

Жастар саясатындағы тиімділік өлшемдерінің бірі жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету болып табылады. Мәселен, министрдің айтуынша, 2019 жылғы ІІ-тоқсанда жастар арасындағы жұмыссыздық 3,7%-ды немесе 81 мың адамды құрады.

Еңбекпен қамтылған жастардың 2 миллионнан астамы, 77% − жалданбалы еңбеккерлер. Олардың ішіндегі 388 мың адам көтерме және бөлшек сауда саласында еңбек ететіндер,  253 мыңы – ауыл шаруашылығында, 239 мыңы – білім беру саласында, ал 218 мыңы – өндіріс нысандарында жұмыспен қамтылғандар. Қалған 23% − өзін өзі жұмыспен қамтығандар.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif