ІІМ мас күйінде рөлге отырғандардың автокөлігін тәркілеуді ұсынды

Мемлекеттік орган кейбір жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатайтуды қолдайды

Фото: Shutterstock

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Мәжіліс кулуарында жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік рөліне отыратындардың қатары көп екенін айтып өтті. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және заңнамада қалыптасқан олқылықты ескере отырып, біз осы баптар бойынша жазаны қатайту мүмкіндігін зерттеп жатырмыз. Біздің азаматтар көлік жүргізу құқығынан айырылғаннан кейін де, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқаратын жайттар көптеп кездеседі», – деді вице-министр. 

Сонымен қатар, Марат Қожаев жүргізушілердің кейбір жол ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатайтуда өзге елдердің, соның ішінде Ресей мен Беларусьтің тәжірибесі зерттеліп жатқанын айтып өтті.

«Мәселен, беларусь заңнамасында жүргізуші кейбір жол ережесін бұзғаннан кейін де көлік басқарса, автокөлікті тәркілеу қарастырылған. Кейбір жерлерде осы тәсілге де жүгінеміз. Белгілі бір құқық бұзу, ең алдымен, бұл мас күйінде және куәлігінен айырылса да рөлге отыратындарға қатысты», – деп атап өтті вице-министр. 

Осы орайда шенеунік бүкіл ұсыныстар жазалау шарасы бұзылған жол ережесімен сәйкес болуы үшін, алдын-ала талқыға түседі деп сендірді.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Твиттерінде көлікті мас күйінде жүргізетіндер үшін жазаны қатайтуды тапсырған болатын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif