Kazakhstan’s National Bank Moves to Nur-Sultan

The agency is obliged to change its location by July 1

Photo: Askar Akhmetullin

According to an edict that President Kassym-Jomart Tokayev signed recently, the National Bank should move its office from Almaty to Nur-Sultan, the country’s capital since 1997.

The deadline for the regulatory body changing to its new location in Nur-Sultan is July 1, 2020. After this date, the agency should also take all relevant measures needed to operate properly. 

In May 2019, Erbolat Dossayev, head of the National Bank, revealed the agency’s plans to change to Nur-Sultan while he was speaking at the Majilis (the lower chamber of Kazakhstan's parliament).

According to the National Bank chairman, this decision was made in 2019. The representative office of the National Bank will be left in Almaty. “The National Bank will move to Nur-Sultan as the premises are ready, first on a rental basis. Then we will build our building. We assume that this will be in the spring of 2020. The decision has already been made. The representative office of the National Bank will remain in Almaty,” Dossayev said last year.
 

banner_wsj.gif

 

Қазақстан экономикасы: бізді құлдырау күтіп тұр ма, әлде өрлеу ме?

Ел экономикасы 2021 жылы қалпына келе бастайды

Коллаж: Вадим Квятковский

Пандемия тек біздің ғана емес, әлемдік экономикаға күйрете соққы берді. Біз де әлемнің бір бөлшегіміз. Оның салқыны бізге де тиеді. Әрі Қазақстан экономикасы – жер шарындағы қуатты, күйлі экономикаға жатпайды. Содан болар бұл сектордың хәлі шала-жансар демесек те, соған таяу екенін ешкім де жасыра алмайды. 

Жақында Дүниежүзілік банк (ДЖБ) өзінің ресми сайтында Covid-19 дертнің Қазақстан экономикасына тигізген кері әсері жайлы баяндама жариялады. Материал «2020 жылы Қазақстан экономикасы 90 жылдардың соңынан бері алғаш рет 3 пайызға құлдырауы мүмкін. Одан кейін тек 2021 жылы ғана 2,5 пайызға қалпына келеді» деп басталады. 

ДЖБ дерегінше, бірінші тоқсанда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 2,3 пайызға өскеніне қарамастан одан кейінгі айларда шикізат тауарларының арзандауынан, сауда көлемінің қысқаруынан экономика біраз зардап шеккен. Ал карантин режимінің енгізілуі тұтынушылық сұранысты да төмендеткен. 

«Инвестициялық өсім баяулады. Негізінен мұнай-газ секторы мен құрылыс секторы шетелдік тікелей инвестиция арқылы қолдау табады. Девальвацияға байланысты инфляция деңгейі Ұлттық банк бекіткен шекара деңгейінен де асып түсті. Мамыр айында азық-түлік өнімдерінің бағасы 10,7 пайызға дейін өсіп, былтырғы көрсеткіштен асып түсті» делінген баяндамада. 

Дүниежүзілік банктың Қазақстандағы кеңсесінің аға экономисті Самсу Рахардждың айтуынша, билік пандемияны тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдап, бюджетте жинақталған қаржы коронавирустің экономикаға тигізер зиянын төмендете алған.

 «Алайда әлсіз сұраныс пен мұнай бағасы, сондай-ақ ұзаққа созылған пандемия экономикаға үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан билік қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, кедейлер мен әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетуді, өндірістік активтерді қорғауды және экономиканы қалпына келтіру үшін реформаны жеделдете ұйымдастыруды ойластыруы керек»,- дейді маман. 

Экономист Олжас Төлеуовтың сөзінше, қаңтар-наурыз айларында ел экономикасы 2,7 пайызға еңсесін көтерген. Алайда екінші тоқсанда енгізілген қатаң шектеулерге байланысты экономикалық белсенділік қайтадан 4 пайызға құлапты. 

«Екінші тоқсанның соңында карантин режимінің жұмсартылуына орай экономикалық құлдырау сәл де болса баяулады. Тікелей және жанама көрсеткіштерді есепке алғанда ел экономикасының ең қатты құлдыраған кезеңі сәуір айына сәйкес келеді – 8,3 пайызға. Сосын мамыр айында экономикалық белсенділік баяулап, 7,2 пайызға дейінгі шекте тұрды. Ал маусым айының қорытындысы бойынша, ел экономикасының құлдырауы -2,2 пайызды көрсетті» дейді экономист. 

Экономист Ержан Әбіш коронавирусқа байланысты әлем экономикасы 5,5, ал АҚШ экономикасы 7,3 пайызға төмендеуі мүмкін екенін айтады. «Ресейлік валюта бағамының әлсіреуі мен айырбас бағамының ішкі бағаларының ауысуы да экономикалық тұрақсыздыққа әсер етіп отыр» дейді сарапшы. 

«Ryskulov analitics» орталығының директоры Жасұлан Күшебаевтың пайымдауынша, қайта-қайта карантин режимінің орнатылуы халықты материалдық тығырыққа тірей бастады. Бізді алда қарыздық дағдарыс күтіп тұр. 

«Қайта-қайта қарыздана берген адам, сол қарыздан құтылу үшін барып несие алады. Алайда қазір банктер несиені жаппай беріп жатқан жоқ. Жақында 42 500 теңге алған бір танысым несие ала алмаған. «Сіз жақында әлеуметтік көмек алдыңыз. Кейін біздің несиені жаба алмауыңыз мүмкін» деп банк несие бермепті. Сондықтан адамдар көбіне микро қаржылық ұйымдарға жүгінеді. Бірақ қазір олардың да жағдайы мәз емес»,- дейді сарапшы. 

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары қазіргі ахуалға қарамастан, ел экономикасы күшейеді деген оптимисті көзқарас танытқан. Олардың болжауынша, бір жылдан соң елдегі ЖІӨ-нің жылдық өсімі 1,2 пайызды құрауы мүмкін. Олардың зерттеуінше, тамыз айының бас кезінде   бір доллар 409,65 теңгені құрайды.  

Еске салсақ, 20 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,00 пайыз деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдаған болатын. 

«Базалық мөлшерлеменің төмендеуі ағымдағы жылғы мамыр-маусымдағы болжамдық раунд шеңберінде күтілгенге қарағанда 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта проинфляциялық тәуекелдердің әлсіреуіне және экономикалық белсенділіктің барынша күшті қысқаруына негізделді. Карантинді қатаңдату бойынша қабылданған шаралар қосымша дезинфляциялық әсер етеді»,- делінген ҰБ мәлімдемесінде. 

PwC Kazakhstan консалтинг компаниясының жақында ғана жариялаған көлемді зерттеуінде Қазақстан экономикасының болашағына болжам жасайды. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің көпшілігі базалық мөлшерлеме бір жыл бойы 9 пайыз деңгейінде болады депті. Ал инфляциялық күтілімдер есебінен шамамен 3-5 жыл бойына базалық мөлшерлеме тағы да төмендеп, 8 пайыздық межеге түсуі мүмкін. 

Сауалнамаға қатысушылардың 96 пайызы Brent мұнайының бағасы барреліне 50 доллардан асады деген болжаммен келіспейді. Ал қатысушылар инфляция деңгейіне қатысты 7 пайыздық деңгейге тоқтаған. Сондай-ақ 39 пайыз респондент теңге бағамы бір жыл бойы 450-500 теңге аралығында болады деп болжайды. Респонденттер Қазақстанның мұнай өндірісін қысқартуы, инфляция көрсеткіштері бойынша нақтылықтың төмендігі және мемлекет тарапынан ұлттық валютаны қолдау шараларының тоқтауы теңге бағамының әлсіреуіне әкеліп соғады деп санайды. 

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg