Моңғол авиакомпаниясы Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс ашуды ұсынды

Жарияланды
Тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет

Моңғол авиакомпаниясы Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс ашуды ұсынады.Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесуде тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады.

Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды.

Кездесу қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев моңғолдық әуе компаниясының мүддесі мен дайындығын қолдауға ниет білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз